Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 4 саты төмендеді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Шілде айындағы рейтингте отандастарымыз 141-ші орында болатын. Тамыз айында Юрий Красножан шәкірттері оқу-жаттығу жиындарын өткізгенмен, ресми кездесулер ұйымдастырған жоқ. Нәтижесінде 145-ші орында болған Люксембург Қазақстан құрамасын басып озды. 

Көш басында келе жатқан алғашқы ондықтағы ұлттық құрамалардың нәтижелерінде көп өзгерістер орын алған жоқ. Аргентина ұлттық құрамасы тізгінді өз қолында ұстап қалса, Бельгия құрамасы екінші орыннан жылжымады. Үштікті Германия қорытындылап тұр. Тек Чили құрамасы ғана 2 саты алға жылжып, 8-ші орынға орналасса, керісінше Англия 10-шы орынға төмендеген.

Жаңа рейтингтегі ең төменгі нәтижені Сейшель аралдары құрамасы көрсетіп отыр. Олар 7 саты төмендеп, 192-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Фиджи аралдары құрамасы еншіледі. Олар 17 орын алға жылжып, 181-ші орынға табан тіреген. Жалпы тамыз айындағы ойындар нәтижесі бойынша жаңарған рейтингте аса көп өзгерістер орын алмаған.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Чехия құрамасымен кездеседі. Астана уақытымен түнгі сағат 00:45-те Пльзенде басталатын ойынды «Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсететін болады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама