Қазақстан құрамасы ««Еврочеллендждегі» екінші жеңісін тойлады
Польшаға қарсы ойында есепті бірінші болып Қазақстан құрамасы ашты. 16 минутта ұлттық құрама капитаны Талғат Жайлауов шайба авторы атанды. Бірінші кезең аяқталуға аз уақыт қалғанда Никита Михайлис есеп айырмасын еселеді. Екінші кезеңде поляктар бір шайба соғып есепті қысқартқанмен, таразы басын теңестіре алған жоқ. Үшінші кезеңде Ярослав Евдокимов Польша қақпасына үшінші шайбаны соғып, Қазақстан құрамасына айқын жеңіс сыйлады.
Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасы Франция құрамасын ұтқан болатын. Андрей Шаянов шәкірттері ертең Астана уақытымен сағат 21:00-де Италия құрамасына қарсы ойнайды.