Футзалдан Словения елінің астанасы Люблянада өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы топтағы бірінші ойында Польша құрамасын ұтты. 5:1 есебімен жеңіске жеткен Какау шәкірттері ширек финалға шықты. Қазақстан құрамасы бірінші таймды аса қарқынды өткізді. Ойынның 3 минутында-ақ қарсыластар қақпасында доп тулатты. Құраманың Еуропа чемпионатындағы алғашқы голынТайнансоқты. Жақында ғана Қазақстан құрамасында ойнауға мүмкіндік алған бразилиялық алғашқы ресми ойынында-ақ гол соғып, көзге түсті. 9 минуттаБіржан ОразовПольша құрамасының қақпасына екінші голды тоғытты. Тайм аяқталар тұста отандастарымыз екі бірдей гол соғып, есепті еселей түсті.Серік Жаманқұловбір гол соқса,Михаил Першинайып соққысын сәтті орындады. Бразилиялық маман Какау жаттықтыратын ұлттық құрама екінші таймда қорғанысқа баса назар аударды. Бұл жаттықтырушының алда өтетін ойындарға орай ұстанған жоспары болуы да бек мүмкін. Екінші таймда поляктар есепті теңестіруге тырысты. 28 минуттаДоменик Солецкигол соғып, командасын желпіндірді. Одан кейін ойындағы жүйелерін өзгертіп, қақпашыны ойыншыға алмастырды. Ереже бұзумен де ерекшеленіп, төреші Польша құрамасы қақпасына айып добын белгіледі. Бұл жолыМихаил Першингол соға алмады. Есесіне араға бірер минут салаДугласҚазақстан құрамасының ойындағы бесінші голын соқты. Нәтижесінде 5:1 есебімен жеңіске жеткен отандастарымыз ширек финалға жолдама алды. Жарыс ережесі бойынша топтан екі команда шығады. 1/4 финалда Қазақстанға А тобындағы Сербия, Словения және Италия құрамаларының бірі қарсылас атанатын болады. Польша құрамасы топтағы бірінші ойында Ресеймен кездесіп, 1:1 есебімен тең түскен еді. Қазақстан мен Ресей құрамалары арасындағы ойын 3 ақпан күні өтеді. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2016 жылы Сербия астанасы Белградта өткен Еуропа чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.