Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатын жеңіліспен бастады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Бразилиялық маман Какау жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Ресей және Хорватия құрамаларымен бір топқа түскен болатын. Топтағы алғашқы ойынды ресейліктерге қарсы өткізіп, 2:1 есебімен есе жіберіп алды. Ойындағы үш гол да бірінші таймда соғылды. 12 минутта Ромуло дубль авторы атанып, Ресей құрамасын алға шығарды. Араға 1 минут сала Серік Жаманқұлов таразы басын теңестірді. Сондай-ақ Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатындағы алғашқы голының авторы атанды. Себебі қазақстандық футзалшылар Еуропа чемпионатының негізгі кезеңінде алғаш рет өнер көрсетіп жатыр.

Екінші тайм Қазақстан құрамасының басымдығымен өткенмен, таразы басын теңестіре алмады. Отандастарымыз 5 ақпан күні Хорватия құрамасымен кездеседі. Егер сол ойында жеңіске жетсе, топтан шығуға зор мүмкіндігі болады. Ойынды «Қазақстан» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ресей — Қазақстан 2:1 (2:1)
Голдар: 
Ромуло 12 (1:0), Ромуло 12 (2:0), Жаманқұлов 13 (2:1)
Ескерту: Сулейменов 19
Ресей: Густаво, Викулов — Шаяхметов, Давыдов, Эдер Лима, Робиньо, Сергеев, Кутузов, Милованов, Ромуло, Переверзев, Лысков, Абрамов, Шакиров
Қазақстан: Игита, Шамро — Лео, Дуглас, Довгань, Есенаманов, Сулейменов, Першин, Кнауб, Гребонос, Жаманқұлов, Пенгрин, Таку, Нұрғожин
Төрешілер: Эдуарду Фернандеш Коэлью (Португалия), Фернандо Гутьеррес Лумбрерас (Испания), Геральд Баэурфайнд (Австрия)
3 ақпан. Белград. «Арена Белград». 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама