Қазақстан құрамасы «Дэвис кубогының» жартылай финалына жақындай түсті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ ktf.kz

Бірінші болып қос құрама сапынан кортқа Танаси Коккинакис пен Михаил Кукушкин шықты. Қазақстандық теннисші үш сетте де қарсыласынан мықты екенін дәлелдеп, 6:4, 6:3, 6:3 есептерімен жеңіп шықты. Екінші ойында Александр Недовесов Австралия құрамасының үздік теннисшісі Ник Кирьостан басым түсті. Екі жарым сағатқа созылған ойында отандасымыз 7:6 (7:5), 6:7 (2:7), 7:6 (7:5), 6:4 нәтижелерімен жеңіске жетті.

Михаил Кукушкин мен Александр Недовесовтің сәтті өнерінің нәтижесінде Қазақстан құрамасы «Дэвис кубогының» жартылай финалына жақындай түсті. Бүгін ұлттық құраманың капитаны Диас Досқараев мәлімдегендей, жұптық кездесуде австралиялықтарға қарсы Андрей Голубев пен Александр Недовесов ойнайды. «Жасыл құрлықтың» құрамасының намысын Ллейтон Хьюит пен Сэм Грот қорғайтын болады. Жұптық ойында қазақстандық теннисшілер жеңіске жетсе, Қазақстан құрамасы ірі доданың жартылай финалына шығатын болады. Ал жарыстың үшінші күні Михаил Кукушкин Ник Кирьоқа, Александр Недовесов Танаси Коккинакиске қарсы ойнайды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама