Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Аустриядан ойсырай ұтылды. Линцте өткен ойында алаң иелері 4:0 есебімен жеңіске жетті, – деп хабарлайды msports.kz сайты.
Ойында Аустрия құрамасы жылдам гол соқты. Қазақстан құрамасы қорғаушыларының қателігінен кейін Кристоф Баумгартнер есеп ашты. Оның жерлете тепкен добын Игорь Шацкий қайтарып үлгермеді. Ал оған дейін бірнеше рет қақпасын голдан сақтап қалған еді.
Аустрия құрамасы екінші таймды ширақ бастады. Нәтижесінде, 53 және 56-минуттарда екі гол соғып кетті. Филипп Линхарт пен Марсель Забитцер мергендігімен көзге түсті.
78-минутта аустриялықтар ойындағы төртінші голын соқты. Бұл жолы екінші таймда алаңға шыққан Маттиас Сейдль өз еншісіне жазды.
Станислав Черчесов жаттықтыратын құрама жүйелі ойын, ширақ шабуыл мен қарымды қорғаныста сәтті ойнай алған жоқ. 3-турдан кейін 1 ұпаймен Ұлттар лигасының В дивизионындағы 3-топта соңғы орында тұр.
3-тур қорытындысы бойынша Норвегия құрамасы 7 ұпаймен көш бастады. Олар Қазақстанмен қатар өткен ойында Словенияны 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Бұл матчта дубль жасаған Эрлинг Холанд құрама сапындағы ең үздік сұрмерген атанды.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000-ға дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!