Қазақстан құрамасы аралас жекпе-жектен Азия чемпионатында 8 жүлде жеңіп алды
Елімізден аттанған 9 спортшының 8-і жүлделі орыннан көрінді. Ерназ Мұсабек (56,7 келі), Олжас Молдағалиев (61,2 келі) пен Жан Кенжебаев (77,1 келі) Азия чемпион атанды. Ал финалға дейін жеткен ұлттық құрама сапындағы алғашқы ару Аян Тұрсын күміс медальды қанағат тұтты. Бекзат Жасия да (65,8 келі) күміс жүлдені еншіледі.
Айта кетейік, кеше Мейрамбек Демеубаев (83,9 келі), Джохар Таймусханов (70,3 келі) пен Құдайберген Төлеубаев (93 келі) Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанған еді.
Жарысқа 15 елден 66 спортшы қатысты.