Қазақстан құрамасы Алматыда екі жолдастық матч өткізеді

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ kff.kz

Михал Билек жаттықтыратын ұлттық құрама 2020 жылдың 23-30 наурызы аралығында Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Дайындық аясында Алматыда екі жолдастық ойын өткізу жоспарланған. 27 наурыз күні - Литва, 30 наурыз күні Армения құрамасымен ойнайды. 

Литва құрамасын 52 жастағы Вальдас Урбонас жаттықтырады. Еуропа чемпионатының соңғы іріктеу турнирінде Литва футболшылары Украина, Португалия, Сербия және Люксембург құрамаларымен тартысқа түсті. FIFA рейтингіндегі орны - 131.

Армения құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Финляндия, Грекия, Босния және Герцеговина және Лихтенштейн құрамаларына қарсы ойнады. FIFA рейтингінде 102-орында тұр.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама