Қазақстан қоржынына Олимпиаданың 21-ші лицензиясы түсті
Командалық сайыс бойынша Нариман Құрбанов, Ілияс Азизов, Ербол Жантықов, Аким Мусаев және Милад Карими жарыс жолына шықты. Олар бірінші болып бастап, жалпы есебі 243.897 ұпай жинады. Нәтижесінде 16-орыннан көрініп, лицензияға ие бола алмады. Ал көпсайыстан Милад Карими финалға жолдама алды. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша 81.599 ұпай жинады. Финалдық кезеңі 11 қазан күні өтеді.
Милад Карими нәтижесі бойынша Токио Олимпиадасына лицензия иеленгендер саны 21-ге жетті. Олар:
1. Ришат Хайбуллин (Спорттық құзға өрмелеу)
2. Дмитрий Баландин (100,200 метрге брасс әдісімен жүзу)
3. Ольга Рыпакова (Жеңіл атлетика)
4. Георгий Шейко (Жеңіл атлетика)
5. Евгений Гидич (Велоспорт, шоссе)
6. Классикалық садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы
7. Денис Ганькин (Садақ ату)
8. Ильфат Абдуллин (Садақ ату)
9. Санжар Мусаев (Садақ ату)
10. Виталий Худяков (Ашық суда жүзу)
11. Екатерина Немич (Бейнелі жүзу)
12. Александра Немич (Бейнелі жүзу)
13. Мейрамбек Айнағұлов (Грек-рим күресі)
14. Асхат Ділмұхамедов (Грек-рим күресі)
15. Валентина Исламова (Әйелдер күресі)
16. Эльмира Сыздықова (Әйелдер күресі)
17. Нұрислам Санаев (еркін күрес)
18. Дәулет Ниязбеков (еркін күрес)
19. Әлішер Ерғали (еркін күрес)
20. Данияр Қайсанов (еркін күрес)
21. Милад Карими (спорттық гимнастика)
ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтеді. Төртжылдықтың басты додасында 33 спорт түрінен 339 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.