Қазақстан қоржынына кезекті алтын медаль түсті
Виктория Зябкина, Юлия Рахманова, Светлана Иванчукова және Анастасия Тулапина бақ сынаған эстафеталық сында Қазақстан құрамасы қарсыластарынан оқ бойы озық келді. Отандастарымыздың уақыты 44,28 секундты құраса, екінші орын алған АҚШ құрамасы мәре сызығын 44,95 секундта кесті. Үштікті Таиланд құрамасы (45,3 сек) қорытындылады.
Айта кетейік, Виктфория Зябкина осыған дейін 100 және 200 метрге жүгіруде де алдына жан салмаған болатын. Жазғы Универсиада 14 шілде күні мәресіне жетеді.