Қазақстан жазғы Универсиада ойындарында 21-орын алды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Қазақ спортшылары 2015 жылы Кванджуда (Оңтүстік Корея) өткен жазғы Универсиада ойындарындағы жетістігін қайталай алмады. Ол кезде отандастарымыз 6 алтын 4 қола медальмен 11-орын алған еді. Ең жоғары көрсеткіші де осы – 11-орын (2007 жылы Бангкоктағы Универсиадада 11-орынға тұрақтаған).

Қазақстан құрамасы ең көп жүлдесіне 2013 жылы Қазанда (Ресей) өткен Универсиада ие болды. Ол кезде 30 спортшымыз жүлдегерлер қатарынан көрінген еді. Десе де алтынның саны аз болып, жалпы есепте 19-орын алған болатын.

Тайбейде ХХІХ жазғы Универсиада ойындарында Жапониядан келген спортшылар ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Күншығыс елі 37 алтын 27 күміс 37 қола медальға ие болды. Екінші орынға Оңтүстік Корея құрамасы (30 алтын 22 күміс 30 қола) жайғасқан. Үштікті Тайвань құрамасы (26 алтын 34 күміс 30 қола) түйіндеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сапында 3 алтын медальды да ауыр атлеттер жеңіп алды. Альберт Линдер (69 келі), Айдар Қазов (77 келі) және Денис Уланов (85 келі) жеңімпаз атанды. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама