Қазақстан жастары Ресеймен кездеседі

О Сансызбай Корреспондент

«С» тобында өнер көрсеткен Саулюс Ширмялис шәкірттері кеше Латвия жастар құрамасымен тең ойын өткізгеннен кейін ширек финал жолдамасын иеленген еді. Алайда жеребе алаң қожайындарына жолдас қылды. Букмекерлік орталықтар болжамы бойынша, Ресей жастары сөзсіз фаворит саналуда. Алайда Бауыржан Исламхан бастаған жігіттер үмітімізді ақтайды деген сенімдеміз. Кездесу Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Сонымен қатар бүгін өзге де ширек финалдық кездесулер өтеді. Украина - Литва, Латвия - Эстония, Санкт-Петербург – Беларуссия жастары жартылай финал жолдамасын сарапқа салатын болады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама