Қазақстан жастары Қырғызстанды ұта алмады (видео)
Серік Әбдуалиев жаттықтыратын құрама «Достастық кубогында» сәтті өнер көрсете алған жоқ. Алдымен Молдова жастарына есе жіберсе, кейіннен Беларусь құрамасымен тең ойнады. Топтағы соңғы ойын Қырғызстан жастарына қарсы өткен ойында 2:2 есебімен тең аяқталды. Қазақстан жастары екі рет есепте алға озғанмен, таблодағы нәтижені сақтап қала алмады.
23 қаңтар күні Қазақстан жастары жарыстағы соңғы ойынын өткізеді.