Қазақстан жастары Еуропа чемпионатына іріктеуді сәтті бастады
Дифферданж қаласында өткен ойында алаң иелері бірінші болып гол соқты. 7 минутта Эдвин Муратович төреші белгілеген пенальти соққысын сәтті орындап, командасын алға шығарды. 23 минутта Люксембург жастарының екінші голды соғуына мүмкіндігі болды. Алдин Скендеровичтің соққысы қақпа бағанынан қайтты.
35 минутта Қазақстан жастар құрамасы ойындағы есепті теңестірді. Голды Александр Соколенко соқты. Нәтижесінде командалар бірінші таймда тең тарқасты.
Қазақстан жастар құрамасына жеңіс сыйлаған голды 61 минутта Геворг Наджарян соқты.
Люксембург U-21 — Қазақстан U-21 1:2 (1:1)
Голдар: Муратович - пенальти 7 (1:0), Соколенко 36 (1:1), Наджарян 61 (1:2)
Ескертулер: Скендерович 39, Дублин 78 — Мәжитов 6
Люксембург (U-21): Рулез, Эверт, Сакра, Скендерович, Дублин, Тилль, Муратович, Синани, Пинту (Прюдомм 64), Островски (Бьелич 85), Мерш (Да Силва 56)
Қазақстан (U-21): Бұсырманов, Мәжитов, Сламбеков, Әбікен, Наджарян (Гладченко 79), Жалмұқан (Антипов 90+2), Федин (Өміртаев 86), Соколенко, Қалмұратов, Перцух, Әбілғазы
Бас төреші: Ференц Карако (Венгрия)
28 наурыз 2017 жыл. Дифферданж. Мунисипаль де Дифферданж.
Владимир Никитенко жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы келесі ойынын 13 маусым күні елімізде Черногория жастар құрамасына қарсы өткізеді. Сондай-ақ біздің топта Люксембург пен Черногориядан өзге Франция, Болгария және Словения жастар құрамалары бар.