Қазақстан жастары Эстониямен тең ойнады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Ойында бірінші болып Ойрат Садуов жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы (U-18) есеп ашты. 30 минуттағы қазақстандық футболшылардың жүйелі шабуылы өз нәтижесін беріп, Акмаль Бахтияров есеп ашты. Алайда бірінші тайм аяқталғанша Эстония жастары таразы басын теңестіріп кетті.

86 минутта Қазақстан жастар құрамасының қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленді. Каспар Мутсоның тепкен добын Данил Подымский қайтара алған жоқ. Алайда ойынның негізгі уақыты аяқталғанша қазақстандық өрендер таразы басын теңестіре білді. Әлібек Қасымның соққан голы Қазақстан жастар құрамасының қоржынына алғашқы бір ұпайды салды.

«В» тобында бақ сынап жатқан Қазақстан жастар турнир кестесінде соңғы орында келеді. Отандастарымыздан бір ойын артық өткізген эстондардың еншісінде үш ұпай бар.

Турнир кестесі №       Қатысушы командалар       Ойын        Жеңіс       Тең ойын         Жеңіліс       Голдар        Ұпай     1  Ресей (U-18) 3 2 1 0 11-2 7 2  Финляндия (U-18) 3 1 2 0 2-1 5 3  Молдова (U-18) 3 0 3 0 3-3 3 4  Эстония (U-18) 4 0 3 1 6-10 3 5  Қазақстан (U-18) 3 0 1 2 2-8 1

 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама