Қазақстан жастары бір жас кіші інілерінен де жеңілді

О Сансызбай Корреспондент

Ел намысын қорғаған жас футболшыларымыз бес ойын өткізіп, барлығында да жеңіліс тапты. Соңғы кездесуін 17-18 орындар үшін Ресей-2 командасымен өткізді. Нәтижесінде өздерінен бір жас кіші жеткіншектерден де жеңіліс тапты. Есеп 2:4. Жерлестеріміз сапынан бір голды Фарук Мирсалимбаев соқса, бір голды қарсыластар өздері байқаусызда соғып алды.

Айта кетейік, «Гранаткин мемориалы» турниріне Қазақстан жастар құрамасы сапында 20 футболшы аттанды. Оның 11-і Бразилияның «Оле Бразил» футбол академиясында дайындығын шыңдап келген. Ал өзгелері «Қайрат», «Атырау», «Тараз», «Шахтер» және «Ертіс» командаларының түлектері.

Сурет: granatkin.com

Оқи отырыңыз:

Жас футболшыларымыздың нәтижесі жанкүйерлер көңілін жабырқатты

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама