Қазақстан жастары әлем чемпионатындағы бірінші ойында ұтылып қалды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ iihf.com

Ойында қазақстандық хоккейшілер бірде-бір шайба соға алмады. Фин жастары 5:0 есебімен жеңіске жетті. Отто Латвала (13 минут), Аарне Талвитие (15 минут), Самули Вайнионпяя (33 минут), Каапо Какко (47 минут) және Алекси Хепониеми (49 минут) шайба соқты.

Қазақстан құрамасының қақпашысы Демид Еремеев 51 соққыны қайтарып, кездесудегі үздік ойыншы атанды. Дегенмен оның бұл ерлігі команданы жеңілістен құтқара алған жоқ.

Топтағы екінші Қазақстан жастары АҚШ хоккейшілерімен кездеседі. Олар бірінші ойында Словакияны 2:1 есебімен ұтқан болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама