Қазақстан жастары әлем чемпионатын жеңіспен бастады

О Сансызбай Корреспондент

Қазақстандық жастар бірінші кездесуін Украина жастарымен өткізді. Алғашқы минуттардан-ақ жерлестеріміздің басымдығы айқын байқалды. Бірақ, бірінші кезеңде таблодағы нәтижеге өзгеріс енбеді. Екінші кезеңде ойыншы басымдығына ие болған украиналықтар есепте алға шықты. Араға ұзақ уақыт созбай қазақстандық хоккейшілер таразы басын теңестіріп қана қоймай, есепте алға шыға білді. Одан кейінгі сәттерде де қазақстандық хоккейшілер өз кезектерінде мүдіріп қалған жоқ. Қорытындысында 5:1 есебі тіркелді. Бүгін түнде отандастарымыз буллит сериясында Францияны жеңген Жапония жастарымен кездеседі. 

Сурет: prosportkz.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама