Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы қызметінен кетті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kff.kz

Екі жақты келісім бойынша футболдан Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Саулюс Ширмялис пен Қазақстан футбол федерациясы арасындағы келісімшарт жалғастырылмады. Қазақстан футбол федерациясы атқарған еңбектері үшін Саулюс Ширмялиске алғыс айтып, әрі қарай бапкерлік мансабына табыс тілейді, - деді ресми хабарламада.

Айта кетейік, Саулюс Ширмялис Қазақстан жастар құрамасының тізгінін 2013 жылы ұстаған болатын. Кейіннен бұл қызметпен қатар шымкенттік «Ордабасыны» да жаттықтырған-ды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама