Қазақстан жастар құрамасын Вахид Масудов жаттықтырады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Вахид Масудов Қазақстанның бірнеше футбол клубтарында: «Қайрат», «Тараз», «Шахтер», «Восток», «Ақтөбе», «Жетісу», «Атырау», «Ордабасы»  және басқада командаларда бас бапкер қызметін атқарған болатын. Масудов сондай- ақ ұлттық құрама бас бапкері болған. Ол жастар құрамасын 2017 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіне дайындайтын болады.

Естеріңізге саламыз,  бұл қызметті бұған дейін Серік Әбдуәлиев атқарған болатын. Ол енді 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастарын жаттықтырады. Ал осыған дейін бұл қызметті атқарып келген Ойрат Садуов қызметінен кетті. Қазақстан футбол федерациясы атқарған еңбектері үшін Ойрат Батайұлына  алғыс айтып, алдағы бапкерлік мансабына табыс тіледі.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама