Қазақстан жастар құрамасы «Ордабасымен» жолдастық кездесу өткізеді
Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты таратқан ақпарат бойынша, жастар құрамасы сапына 23 ойыншы шақырту алған.
Бапкерлер құрамы оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды:
Қақпашылар: Голубничий Михаил («Астана»), Грубов Олег («Қайрат»), Дүйсен Абылайхан («Бәйтерек»);
Қорғаушылар: Агайсин Әнуар («Тобыл»), Әділханов Темірлан («Жетісу»), Аслан Рафкат («Тобыл»), Рудосельский Тимур («Қайрат»), Сартаков Григорий («Ертіс»), Халезов Павел («Астана»), Цой Данил («Қайсар»), Шаихов Берік («Астана»);
Жартылай қорғаушылар: Балтабаев Ойбек («Қайрат»), Валиуллин Руслан («Ақжайық»), Жалмұқан Дидар («Ақтөбе»), Сүлей Әлішер («Ертіс»), Таубай Абзал («Тараз») Төлиев Мирас («Оқжетпес»), Тұңғышбаев Еркебұлан («Ордабасы»), Хайруллин Ринат («Жетісу»);
Шабуылшылар: Әйімбетов Абат («Ақтөбе»), Сариев Рауан («Ордабасы»), Маров Алексей («Атырау»), Чулагов Самит (ЦСКА).
Премьер-лига ойындарының екі туры өтетіні ескеріліп, келесі футболшылар қосымша тізімге енгізілген: қорғаушы – Кейлер Сергей («Қайсар»), Сүлейменов Аслан («Бәйтерек»), жартылай қорғаушылар - Антипов Иван («Ақжайық»), Қалымбетов Мұхтар («Бәйтерек») және Нүкебай Данияр («Оқжетпес»).