Қазақстан жастар құрамасы жеңіске жетті

О Сансызбай Корреспондент

Кездесу 2:0 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. 11 минутта қарағандылық «Шахтердың» намысын қорғайтын Тоқтар Жаңғылышбай есепті ашса, 61 минутта тағы бір «кеншілер» ұжымының шабуылшысы Роман Мұртазаев есепті еселеді. Енді Саулюс Ширмялис шәкірттері кезекті кездесуін 28 қаңтар күні Латвия жастар құрамасымен өткізеді. Ал топтан шығу мәселесі Қазақстан жастарына оңай болмай тұр. Соңғы үміт Латвия жастарын ірі есеппен ұту. Дәл қазіргі сәтте олардың қоржынында 6 ұпай бар. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан жастар құрамасы кеше Беларуссия жастарына ірі есеппен есе жіберіп қойған болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама