Қазақстан жастар құрамасы Финляндияға есе жіберді

О Сансызбай Корреспондент

Жақында ғана Қазақстан жастарының сапына Германиядан ойыншылар шақырту алған еді. Шақырту алған төрт ойыншының үшеуі ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойындарын өткізіп үлгерді. Андрей Старцев («Санкт-Паули») пен Иван Саханенко («Саарбрюкен») негізгі құрамда шықса, Роберт Бергер ойынды 72-минуттан бастады.

Саулюс Ширмялис жаттықтыратын отандастарымыз бірінші голды 27-ші минутта өз қақпасына өткізіп алды. Финляндия құрамасы сапынан Роберт Тэйлор есеп ашты. Екінші таймда алаң иелері сапынан Вахид Хамбо мен Фредрик Лассас бір-бір голдан еншілеріне жазды.

Қазақстан жастар құрамасы келесі кездесуін 30-наурыз күні Таллинде Эстония жастарына қарсы өткізеді.  

Сурет: kff.kz

Оқи отырыңыз

Немістерден қандай жеңіс күтеміз?

Александр Меркель Қазақстан құрамасы сапында ойнайтын болды

Қазақстанның ФИФА рейтингіндегі көрсеткіші қашан түзеледі?

Ерлан Қожағапанов: Қазақстанда әрбір бала футболмен айналысуға мүмкіндік алса деп армандаймын

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама