Қазақстан жастар құрамасы Эстонияны жеңді

О Сансызбай Корреспондент

Кездесуде бірінші болып алаң иелері есеп ашты. 15-минутта Роберт Кирс Эстония құрамасын алға шығарды. Бірінші тайм соңына дейін Қазақстан жастары таразы басын теңестіре білді. Рауан Сариев мергендігімен көзге түссе, 81-минутта ұлттық құрамаға жақында ғана Германиядан шақыртылған Макс Шебак жеңіс голын соқты. Немістің «Швайнфюрт» клубында ойнайтын футболшы жастар құрамасындағы бірінші ойынында мергендігімен көзге түсті.

Айта кетейік, 25-наурыз күні Саулюс Ширмялис жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда Финляндиядан 3:0 есебімен ұтылып қалған болатын.

Cурет: kff.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама