Қазақстан жастар құрамасы Әзірбайжанмен тең түсті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ sports.kz

Қазақстан жастар құрамасы ойында екі рет есепте алға озғанмен, жеңіске жете алмады. Бірінші болып 17 минутта команда капитаны Дінмұхамед Қашкен пенальтиді сәтті орындап, есеп ашты.  Алайда, бірінші тайм аяқталар тұста Рафаэль Магеррамлы таразы басын теңестіріп кетті. 

Екінші таймда Александр Кузнецов жаттықтыратын қазақстандық өрендер екінші рет есепте алға шықты. Еркебұлан Cейдахмет әуелете асырылған пасқа бірінші жетіп, қарсылас қақпасына баспен гол соқты. Қазақстан жастары есептегі басымдықты сақтап қала алмады. Ойынның аяқталуына 8 минут қалғанда Әзірбайжан жастары сапынан Фарид Набиев мергендігімен көзге түсіп, командасына тең есепті сыйлады.

Қазақстан жастары топтағы үшінші ойынын 13 қаңтар күні Литва жастарына қарсы өткізеді.

Айта кетейік, осыған дейін отандастарымыз Словакия жастар құрамасымен де тең ойнаған еді. Ол ойында есеп ашылмаған-ды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама