Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словакиямен тең ойнады
30 минутта 10 ойыншымен Қазақстан жасөспірімдері жеңіске бастар жолды таппаса да, тең есепті сақтап қала алды. Нәтижесінде топтағы алғашқы ұпайын еншіледі. Ойында қорғаушы Дінмұхамед Қашкен алаңнан қуылды.
Айта кетейік, топтағы бірінші ойында Қазақстан жасөспірімдері түркиялық замандастарынан 3:0 есебімен ұтылған еді. Ал Словакия жасөспірімдері Уэльсті 2:1 есебімен ұтқан-ды.
Топта бірінші және екінші орын алған командалар элиталық кезеңге жолдама алады.
Словакия U-19 — Қазақстан U-19 0:0 (0:0)
Ескертулер: Гулаш 47, Майдан 50, Петро 55 — Сейдахмет 26, Пайруз 74, Жақыпбаев 87
Алаңнан қуылды: Қашкен 30
Словакия U-19: Валах, Майдан, Козловски, Беднар, Боженик, Шпырка (Бренкус 72), Вициан, Мошко, Петро, Гулаш (Грешак 78), Кралевич (Хобот 86)
Қазақстан U-19: Устименко, Нұрдалиев, Орал (Пайруз 68), Сейдахмет, Кан (Алип 77), Аманжолов, Қашкен, Жақсылык (Батырханов 32), Тұрсынбай, Жақыпбаев, Сағынаев
Бас төреші: Федайи Сан (Швейцария)
10 қараша. Манавгат. Арслан Зеки Демирджи.