Қазақстан хоккейшілері Қытайды 22:0 есебімен ұтты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ massaget.kz

Сергей Старыгин жаттықтыратын Қазақстан хоккейшілері бірінші кезеңді 9:0 есебімен аяқтады. Жанкүйерлер қолдауынан қуат алған отандастарымыз аянып қалмады. Әр шабуыл сайын қарсыластар қақпасына шайба тоғытумен болды. Владимир Гребенщиков (1-ші минутта), Әлихан Әсетов (2-ші минутта), Антон Сагадеев (5-ші минутта), Дмитрий Гренц (9-шы минутта), Владислав Никулин (10-шы минутта), Артем Бурделев (11-ші және 13-минутта), Кирилл Савицкий (12-ші минутта) және Мадияр Ыбрайбеков шайба соғып, мергендігімен көзге түсті.

Екінші кезеңде де Қазақстан хоккейшілері аянып қалмады. Қарсыластар қақпасына алты шайба тоғытып шықты. Артем Бурделев пен Алихан Асетов дубль орындаса, Антон Сагадеев пен Микхайл Рахманов бір-бір шайбадан еншілеріне жазды. Қытай хоккейшілері бір шайба соғуға ұмтылғанмен, нәтиже шықпады.

Қазақстан хоккейшілері үшінші кезеңді де жылдам шайба соғумен бастады. Кирилл Савитский ойыншы басымдығында қарсыластардың осал тұсын тапты. Одан кейінгі аралықта Артем Бурделев, Иван Степаненко, Константин Савенков, Микхайл Рахманов, Дмитрий Гренц, Ярослав Евдокимов бір-бір шайбадан соғып шықты.

Универсиаданың ресми түрде ашылу салтанаты 29 қаңтарда сағат 19:00-де басталады. Қазақстанның атынан спорттың 12 түрінен 171 спортшы қатысады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама