Қазақстан футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтініш бере алмайды

О Сансызбай Корреспондент

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты Африка құрлығында өтеді. Өтініштерді қабылдауға дайынбыз, - деген Йозеф Блаттер «Nil Sports» арнасына берген мәлімдемесінде.

2026 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ниет білдіруші елдердің өтініштері жылдың соңына дейін қабылданады. Ал доданы өткізетін елдің аты 2017 жылдың мамыр айында өтетін ФИФА конгресінде анықталатын болады. Осы уақытқа дейін бұл чемпионатты өткізуге Қазақстанмен қатар, Қытай, Мексика және Канада елдері емеурін танытқан болатын.

Айта кетейік, әлем чемпионаты Африка құрлығында соңғы рет 2010 жылы өткен еді. Ол кезде дүбірлі доданы Оңтүстік Африка Республикасы өткізген-ді.

Cурет: sports.ru 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама