Қазақстан ФИФА рейтингінде төрт саты құлдырады
Көш басында келе жатқан алғашқы ондықтағы ұлттық құрамалардың нәтижелерінде аса көп өзгерістер орын ала қойған жоқ. Көш басын әлем чемпионы атанған Германия құрамасы иеленіп тұрса, екінші орында Аргентина құрамасы келеді. Үштікті Нидерланды құрамасы қорытындылап тұр. Бразилиямен ұпай теңескен Испания құрамасы ғана жетінші орынға көтерілді.
Ең төменгі нәтижені Панама ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 30 саты төмендеп, 63-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Лесото құрамасы еншіледі. Олар бірден 26 саты жоғарылап, 105-ші орынға табан тіреген. Сонымен қатар Бенин, Гвинея-Бисау және Ботсвана ұлттық құрамаларының жағдайы да жоғары көрсеткішке көтеріліп отыр.
Ал Қазақстан құрамасының 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуінің топтық кезеңіндегі қарсыластары көрсеткіші төмендегідей:
3.(15) Нидерланды
35.(34) Чехия
32.(35) Түркия
46.(47) Исландия
100.(103) Латвия
Ал осыдан екі күн алдын Қазақстанмен жолдастық кездесу өткізіп, жеңіліп қалған Тәжікстан құрамасы 4 сатыға жоғарылап, 120-шы орынға көтерілген.
Алғашқы ондыққа енген ұлттық құрамалар тізімі:
1 (1). Германия - 1736 ұпай,
2 (2). Аргентина - 1604,
3 (3). Нидерланды - 1507,
4 (4). Колумбия - 1495,
5 (5). Бельгия - 1407,
6 (6). Уругвай - 1316,
7 (7). Бразилия - 1241,
7 (8). Испания - 1241,
9 (9). Швейцария - 1218,
10 (10). Франция - 1212,
Жақша ішіндегі сан өткен айдағы рейтинг көрсеткіші
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vesti.kz