Қазақстан ФИФА рейтингінде 9 саты жоғарылады

О Сансызбай Корреспондент

Көш басында келе жатқан алғашқы ондықтағы ұлттық құрамалардың нәтижелерінде өзгерістер орын алды. Испания ұлттық құрамасы тізгінді өз қолында ұстап қалса, Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы үшінші орыннан алтыншы сатыға бір-ақ сырғыды. Есесіне Колумбия және Уругвай құрамалары бір саты жоғарылады. Екінші орын «неміс мәшинесіне» тиесілі болса, Португалия да бір саты жоғарылап, үштікті қорытындылады. Бразилия құрамасы үш саты жоғарылап, Аргентинамен ұпайлары теңесіп, алтыншы орынға таласып тұр. Ал алғашқы ондықты 3 саты жоғарылаған Грекия құрамасы түйіндеді.

Ең төменгі нәтижені Ливерия мен Жаңа Зеландия ұлттық құрамалары көрсетіп отыр. Алғашқысы бірден 22 саты төмендеп, 119-шы орынға тұрақтаса, кейінгісі 21 орынға төмендеп, 111-ші орыннан көрінді. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Шотландия құрамасы еншіледі. Олар бірден 15 саты жоғарылап, 22-ші орынға табан тіреген. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының да жағдайы жоғары көрсеткішке көтерілді. Жерлестеріміз 9 орынға алға жылжып, 118-ші сатыға жайғасты. Бұл нәтиже ұлттық құраманың соңғы бес жылдағы ең үздік көрсеткіші болып отыр. Юрий Красножан жаттықтыратын футболшылар 7 маусым күні Венгриямен жолдастық кездесу өткізеді.

Ал Қазақстан құрамасының 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуінің топтық кезеңіндегі қарсыластар көрсеткіші төмендегідей:

15. (11) Нидерланды

36. (30) Чехия

39. (38) Түркия

58. (52) Исландия

109. (113) Латвия

Алғашқы ондыққа енген ұлттық құрамалар тізімі:

1 (1). Испания - 1460 ұпай,
2 (2). Германия - 1340,
3 (4). Португалия - 1245,
4 (5). Колумбия - 1186,
5 (6). Уругвай - 1181,
6 (3). Аргентина - 1174,
6 (9). Бразилия - 1174,
8 (7). Швейцария - 1161,
9 (8). Италия - 1115,
10 (13). Грекия - 1082.

Жақша ішіндегі сан өткен айдағы рейтинг көрсеткіші

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ffk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама