Қазақстан ФИФА рейтингінде 6 саты жоғарылады
Жаңарған ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында өзгерістер орын алмаған. Бельгия құрамасы көш басында болса, екінші орында Аргентина құрамасы келеді. Үштікті испандықтар қорытындылап тұр.
Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Сан Томе және Принсипи ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 15 саты төмендеп, 174-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Армения құрамасы еншіледі. Олар 7 саты жоғарылап, 116-шы орынға табан тіреген.
Қазақстан құрамасы ақпан айында ойындар өткізген жоқ. Әзірге ұлттық құрама жаттықтырушысы да тағайындалған жоқ. Десе де жаңарған рейтингте 6 саты жоғарылап отыр. Отандастарымыз осы айда үш жолдастық кездесу өткізеді. Алдымен, 26 наурыз күні Антальяда Әзірбайжан құрамасымен ойнайды. 29 наурыз күні Тбилисиде Грузия құрамасымен ойнаса, араға бір күн сала Қырғызстан құрамасымен кездеседі.