Қазақстан чемпионаты: Семсерлесуден ерлер командалары арасында жеңімпаз анықталды

Manas Корреспондент
Фото ©️ Ұлттық олимпиадалық комитет

Ерлер арасындағы командалық жарыста Шымкент қаласының спортшылары жеңіске жетті. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының бірінші командасы, үшінші  орынды ШҚО-2 мен Алматы қаласы иеленді. 

Әйелдер арасында Алматы-1 командасы топ жарды. Олар финалда ШҚО-1 командасынан басым түсті.

Қола медальді Алматы-3 және ШҚО-2 командалары еншілеген. 

Айта кетелік, бұған дейін шпагамен ерлер арасындағы жекелей сында Кирилл Павлов, әйелдер арасындағы додада Софья Николайчук жеңіске жетті. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама