Қазақстан боксшыларының Олимпиадаға дайындығы

Гүлжанар Берік Корреспондент
Фото ©️ massaget.kz

Оларды Колумбия, Доминикан Республикаларынан, Мексика және АҚШ-тан арнайы шақыртылған 9 бапкер жаттықтырып жатыр. Олардың қатарында 69 келіде топ жарып жүрген кәсіби боксшы Қанат Ислам да бар. Ол Данияр Елеусіновті жаттықтырып жүр.

– Барлық палуан өз деңгейінде жүр, рухани әрі күш жағынан да мықты,– дейді Қанат Ислам, – Енді тек осы жаттығулардың бәрі олимпиадада дәлелденсе болғаны. Бразилияға аттанатын 10 боксшы медаль алуға әбден лайықты. Дәл сол шаршы алаңда қандай жағдай болатыны белгісіз ғой. Сондықтан, біз боксшыларымызға, олардың Қазақстан әнұранын шырқатуға толық қолдау көрсетуіміз керек.

Бұл біздің бокшылар командасының кезекті іріктеуі. Соңғы іріктеу 25 және 27 шілдеде өтеді. Ал 28 шілдеде бокшылар Риоға ұшады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама