«Қазақстан барысына» қатысатын ОҚО мен Қарағанды балуандары іріктелді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kazakhstanbarysy.kz

2015 жылғы «Қазақстан барысы» турнирі Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясы 20 жылдығы мен Конституцияның 20 жылдығына арналып отыр. Республикалық шешуші кезеңде бақ сынайтын балуандар арасында 2015 жылдың 19-23 мамыр аралығында Алматы қаласында оқу-жаттығу жиыны өткізіледі. Жиын барысында балуандар тереңдетілген медициналық тексеруден және допингтік бақылаудан өтеді.

Бесінші рет өткелі отырған «Қазақстан барысында» Оңтүстік Қазақстан облысының намысын Жұманазар Ерсұлтанов пен Нұрсұлтан Мыңғышов қорғайтын болды. «Жақсығұл» деген лақап атпен боз кілемде белдесетін алып балуан Жұманазар «Қазақстан барысына» үшінші рет қатысқалы отыр. Ал Нұрсұлтан Мыңғышов алғаш рет бағын сынамақ.

Қарағанды өңірінен «Қазақстан барысына» Ержан Шынкеев пен Асыл Барменов қатысатын болды. Екі балуан да республикалық доданың шешуші кезеңінде үшінші рет өнер көрсеткелі отыр. Естеріңізде болса Асыл Барменов 2014 жылы «Қазақстан барысының» финалына дейін жетіп, «күміс белбеу» иегері атанған болатын. Ал 2013 жылы күміс жүлдегер атанған Ержан Шынкеевке жартылай финалдағы дауласуы үшін федерация оны екі жылға қазақ күресінің жарысына қатысуына шектеу қойған еді. Биыл қарағандылық балуан қайта қатысуына мүмкіндік алып отыр.

Алдағы уақытта өзге өңірлердің де намысын қорғайтын балуандар белгілі болады. Ал осыған дейін ҚостанайТаразАтырауПетропавлШығыс ҚазақстанАлматы облысы, Астана, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар мен Қызылорданың кіл мықты балуандары іріктеліп үлгерген болатын.

Ұқсас жазба

2015 жылғы «Қазақстан барысы» қандай жүйеде өтеді?

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама