«Қазақстан барысына» қатысатын бес өңірдің балуандары белгілі болды
Павлодар облысы:
Арман Махамбетов
Алан Тұрысов
Ақтөбе облысы
Бақтыбай Кісіков
Шыңғыс Шоқпытов
Батыс Қазақстан облысы
Еділ Үсенов
Олжас Сулейменов
Астана:
Ғайни Сейділдаев
Айбат Сейтен
Ақмола облысы:
Нұрлан Жамалов
Әсет Жүнісов
Айта кетейік, 2015 жылғы «Қазақстан барысы» турнирі Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясы 20 жылдығы мен Конституцияның 20 жылдығына арналып отыр. 5-шілде күні өтетін шешуші кезеңде боз кілемдегі балуандар белдесуінен өзге мерекелерге орай театрландырылған қойылымдар қойылады. Сонымен қатар, танымал тұлғаларды да қонақ ретінде шақырмақ. Жиналған жанкүйерлерді де тосынсыйлар күтпек. «Қазақстан» және «KazSport» республикалық телеарналары турнирден тікелей көрсетілімді тарататын болады.
2014 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінде Мұхит Тұрсынов жеңіске жеткен. Ал финалдық бәсекеде жеңілген Асыл Бәрменов «күміс белбеу» иегері атанған еді. Турнирдің қорытындысы бойынша 2014 жылғы «Қазақстан Барысы» Мұхит Тұрсынов 150 мың АҚШ долларын қанжығасына байласа, оның бапкеріне 20 мың АҚШ доллары табысталған-ды. «Күміс белбеу» иегері Асыл Бәрменов 100 мың доллар көлемінде сыйлық алса, бапкері 10 мың доллармен марапатталған.
Алдағы уақытта өзге өңірлердің де намысын қорғайтын балуандар белгілі болады. Ал осыған дейін Қостанай, Тараз, Атырау, Петропавл, Шығыс Қазақстан, Алматы облысы мен Қызылорданың кіл мықты балуандары іріктеліп үлгерген болатын.
Ұқсас жазба
2015 жылғы «Қазақстан барысы» қандай жүйеде өтеді?
Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан барысына» бесінші рет қатысады