"Қазақстан Барысы-2014": Жартылай финалға шыққандар анықталды

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Алғашқы кездесуде Рүстем "Қаражал" Жұмаев (Солтүстік Қазақстан облысы) пен Дәулетхан "Талас арланы" Жақыпов (Жамбыл облысы) белдесіп, екі жартылай жеңісті еншісіне жазған Дәулетхан Жақыпов жеңіс тойын тойлады. 

Екінші жұпта Асыл "Жас сұңқар" Бәрменов (Қарағанды облысы) пен Арман "Малайсары" Әбеуов (Астана қаласы) кездескен еді. Белдесудің негізгі уақытында жеңімпаз анықталмай, төреші қос палуанның арасында "қоян-қолтық белдесу" ұйымдастырды. Күрестегі лотереяда Асыл Бәрменовтің асығы алшысынан түсті. 

Үшінші кездесуде кілемге Руслан "Сыр барысы" Әбдіразақов (Қызылорда облысы) пен Дархан "Асау" Жоламанов (Павлодар облысы) көтерілді. Тартысқа толы белдесуде ұтымды әдіс пайдалана білген Руслан Әбдіразақов "таза жеңіспен" келесі кезеңге жолдама алды. 

Мұхит "Жалын" Тұрсынов (Шығыс Қазақстан облысы) пен Мейрамбек "Жас қыран" Жаңабай (Маңғыстау облысы) арасындағы жұпта "таза жеңіспен" Шығыс Қазақстандық палуан жартылай финалға жолдама алды. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: kapital.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама