Қазақстан Азия чемпионатында бірінші алтынды жеңіп алды
54 келіде өнер көрсететін Аяжан Сыдық финалда үндістандық Таманнаны төрешілер шешімімен жеңді - 4:1 (30-27, 29-28, 30-27, 30-27, 28-29). Осылайша, ол Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.
Бұған дейін 52 келіде Бағжан Отынбай турнирдің күміс жүлдегері атанды.