Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында үшінші орын алды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ WFRK

Хьюстонда жалпыкомандалық есеп бойынша Қытай құрамасы бірінші орын алды. Аспан асты елінің спортшылары дүбірлі додада 6 алтын 3 күміс жүлде жеңіп алды. Екінші орынды 3 алтын 3 күміс 3 қола жүлдемен Ресей құрамасы иеленді. Үштікті қазақстандық ауыр атлеттер түйіндеді.

Әлем чемпионатының соңғы күнінде жарыс жолына шыққан Надежда Ногай қоссайыс қорытындысы бойынша 292 келіні көтеріп, бесінші орын алды. Ал оған дейін Ниджат Рахимов пен Александар Зайчиков әлем чемпионы атанса, Алмас Өтешов пен Жазира Жаппарқұл күміс медаль еншілеген-ді. Қоржындағы бір қола Жасұлан Қыдырбаевтың еншісінде.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті деуге толықтай негіз бар. Төрешілердің бұра тартқаны - ел спортшыларының сүрінуіне кедергі бола алмады. Отандастарымыз 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына толық құрамда қатысатын болады. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама