Қазақстан ауыр атлетика қауымдастығы бір жылға жарыстардан шеттетіледі – IWF президенті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ google.kz

- Риодағы Олимпиада ойындарынан бірнеше елдің ауыр атлетика қауымдастықтарымен жұмысты тоқтатамыз. Оған кепілдік беремін. Олар – Ресей, Қазақстан және Беларусь елі, - деді Томаш Аян.  

Құрамалардың жарыстардан шеттетілуіне 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылардың қанынан пайдалануға тыйым салынған заттардың көптеп табылуы себеп болып отыр.

Қазақстан мен Беларусь елінің ауыр атлеттері Рио Олимпиадасына да қатыстырылмауы қарастырылған екен. Бірақ ХОК бұл елдер атынан өткен Олимпиада ойындарына қатысқан ауыр атлеттердің қанын толық тексеріп үлгермеген көрінеді. IWF президентінің айтуы бойынша, алдағы уақытта соңғы екі Олимпиадада үш спортшысынан допинг табылған елдің ауыр атлетика қауымдастығы бір жылға халықаралық жарыстардан шеттетілетін болады.

- Қайта тексеріліп жатқан сараптамалар аяқталған жоқ. Қосымша мәлімет күтіп отырмыз, мүшелігі тоқтатылатын тағы бірнеше ел болады деп ойлап отырмын. Біз ауыр атлетиканы спорттың таза түріне айналдырғымыз келеді және оның бір ғана жолы бар - біздің ережелерді бұзатын елдерге тыйым саламыз. Қай елдің мүшелігі тоқтатылатынын қыркүйек айының соңында жария етеміз деп ойлаймын.", - деді Аян. 

Ауыр атлетика федерациясының басшысы Токиодағы Олимпиадада бұл спорт түрінің абыройы басқа болады деп есептейді. "Біз толықтай допингтен құтыламыз деп айта алмаймын. Бірақ мен сенемін, 2020 жылға дейін жағдай өзгереді", - деп мәлімдеді Аян.

Айта кетейік, Риодағы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан 5 медальға қол жеткізді. 77 келіге дейінгі салмақта Ниджат Рахимов Олимпиада чемпионы атанса, Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейін) күміс жүлдегер, Фархад Харки (62 келіге дейін), Карина Горичева (63 келіге дейін) мен Александр Зайчиков (105 келіге дейін) қола медаль еншілеген еді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама