Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты
Фото ©️ olympic.kz

Гаджи Гаджиев Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Астанада өткен қорытынды конференция барысында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты.

Жанат Түсіпбеков ұйым басшысы ретіндегі өкілетін мерзімінен бұрын аяқтағанын жариялап, өз орнына Гаджи Гаджиевтің кандидатурасын ұсынды.

Конференцияға қатысушылар бұл шешімді бірауыздан қолдады.

Гаджи Гаджиев 1974 жылы 29 қыркүйекте дүниеге келген.

Қаржы және құқық институтын (2003-2009) "Қаржы және несие" мамандығы бойынша, Қазақ қатынас жолдары университетін (2013-2015) "Көлік құрылысы", Қазақ қатынас жолдары университетін, магистратураны (2016) "Көлік құрылысы", Ресей Федерациясының президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын (2019 жыл, Астанадағы филиалы)  "Іскерлік әкімшілендіру шебері" - Master of Business Administration бойынша бітітрген.

Ол мұның алдында IKF халықаралық істер жөніндегі вице-президенті, Қазақстанның NOMAD ММА республикалық федерациясының президенті, Қазақстанның Кунг-фу қауымдастығының президенті,
Қазақстанның Пенчак Силат қауымдастығының президенті, Ауыр атлетика федерациясының бірінші вице-президенті, Ұлттық олимпиада комитеті атқару комитетінің мүшесі қызметтерін атқарған.

Еске салайық, бұған дейін ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ниге ауыр атлеттерге қасақана допинг ішкізгені үшін ауыр жаза берілгенін хабарлаған едік.

Бапкер өмірінің соңына дейін спорттан шеттетілді. Халықаралық олимпиада комитетінің бастамасымен 2017 жылы құрылған Тестілеу жөніндегі халықаралық агенттік (ITA) осындай шешім қабылдады.

Алексей Қазақстан құрамасын 1994 пен 2016 жылдар аралығында жаттықтырды. Ол Рио Олимпиадасынан кейін жұмысынан босатылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз