Қазақстан MMA-ден әлем чемпионатын қабылдайды
Әлем чемпионатын қабылдауға Қазақстаннан бөлек Бахрейн мен БАӘ елдері ұсыныс жасаған. Дегенмен таңдау Қазақстанға түсті. Әлемдік дода қараша айында Қазақстанда өтеді. Бұл туралы IMMAF Президенті Керрит Браун мәлімдеді.
Бұдан бөлек маусым айында Қазақстан Азия чемпионатын өткізеді. Құрлықтың үздік спортшылары Нұр-Сұлтанда бақ сынайды деп күтілуде.
Айта кетейік, өткен жылы Тайланд елінің астанасы Бангкокта өткен аралас жекпе-жектен Азия чемпионатында қазақ спортшылары барлығы 7 алтын, 9 күміс, 5 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.