Қазақстан 2026 жылы Футболдан әлем чемпионатын өткізуге ниетті

Нұржігіт Айдархан Корреспондент

Аталған брифингте Әділбек Жақсыбеков Қазақстанның 2026 жылы өтетін Футболдан әлем чемпионатын өткізуге өтінім беруге ниеттеніп отырғанын жеткізді. 

Сондай-ақ, экс-президент 2017 жылы УЕФА суперкубогы Астанада өтуі мүмкін екенін хабарлады. Ә.Жақсыбековтың айтуы бойыншы, УЕФА суперкубогын 2017 жылы біздің елде өткізу туралы алдын ала уағдаластық бар көрінеді.

Естеріңізге сала кетсек, осы брифингте 2007 жылдан бері басшылық тізгінін ұстаған Әділбек Жақсыбеков Қазақстан Футбол федерациясының президенті қызметінен кететінін мәлімдеген болатын. Әділбек Жақсыбеков өз орнына Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің бұрынғы басшысы Ерлан Қожағапановты ұсынып отыр.

Сурет: pp.vk.me

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама