Қазақстан 1/2 финалға шыққан боксшылар санынан Өзбекстанды басып озды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстан құрамасының сапынан жеті боксшы 1/2 финалға өтті. Олар: Закир Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін), Василий Левит (91 келіге дейін), Серік Теміржанов (57 келіге дейін), Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін), Бекзат Нұрдәулетов (81 келіге дейін) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келіден жоғары).

Ал Қазақстанның басты бәсекелесі санаталатын көршілес Өзбекстанның алты былғары қолғап шебері жартылай финалға жолдама алды. Олар: Шахобиддин Зоиров (52), Ельнур Абдураимов (63), Бобо-Усмон Батуров (69), Санжар Турсунов (91), Миразизбек Мирзахалилов (57), Баходир Жалолов (+91).

Жартылай финалдың күндізгі сессиясында (15:00) Закир Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 килоға дейін) және Василий Левит (91 килоға дейін) шаршы алаңға шығады. Кешке (21:00) Серік Теміржанов (57 келіге дейін), Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін), Бекзат Нұрдәулетов (81 келіге дейін) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келіден жоғары) финал жолдамасына таласады.

Естеріңізге сала кетейік, қазірдің өзінде Қазақстан құрамасының қоржынында сегіз Олимпиада жолдамасы бар. Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Бекзат Нұрдаулетов, Василий Левит, Қамшыбек Қонқабаев және Надежда Рябец Токио Олимпиадасының лицензиясын иемденді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама