"Қазақ сарбазы" Алматыда индонезиялық боксшымен жұдырықтасады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Eye Of Tiger Managment

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы атағына ие отандасымыз бұл жолы WBC Asia чемпиондық белбеуіне таласады. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

25 жастағы индонезиялық боксшы кәсіпқой бокста 23 жекпе-жек өткізген. Оның 17-де жеңіске жеткен. 5 кездесуінде қарсыласына есе жіберсе, 1 жекпе-жегінде тең түскен.

"Қазақ сарбазы" деген лақап атпен танылып келе жатқан Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста 7 жекпе-жек өткізді. Барлық қарсыластарын уақытынан бұрын ұтып шықты.

Айта кетейік, Алматыдағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде отандасымыз Айдос Ербосынұлы намибиялық боксшы Лукас Ндафолумен (15-1, 6 КО) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек екінші деңгейлі WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулері үшін өтеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама