Қазақ қызы Гауһар Тұрмаханова самбодан әлем чемпионы атанды
52 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз финалда ресейлік Анна Харитонованы қапы қалдырды. Бұл салмақта үшінші орын жапониялық Михару Курокиға бұйырды.
Сондай-ақ жарыстың екінші күні отандастарымыз бірнеше жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, ерлерден қазақстандық Асылбек Әлкей (74 келі), Олег Удод (57 келі), Аңсаған Құсайынов (74 келі) және Руслан Аушев қола жүлдеге ие болды.
Естеріңізге сала кетсек, Жапонияның Нарита қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионаты бүгін мәреге жетеді.
Сурет: vesti.kz