Қазақ қызы дзюдодан Еуропа кубогында алтын алды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Kaz Judo Team (vk.com)

Жастар арасындағы Еуропа кубогына 34 елден 634 дзюдошы қатысты. Ал Қазақстан жастар құрамасы сапында 34 жас татами шебері бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль еншілеп, жалпы есепте 6-орыннан көрінді.

Қоржынға түскен алтын медаль иегері Ақмарал Науатбек бірінші белдесуінде бразилиялық Аманда Лиманы ұтты. Одан кейін неміс қызы Маша Валхаусты жарыс жолынан шығарды. Жартылай финалда жарысқа бірге барған командаласы Ғалия Тынбаевамен кездесіп, финалға шықты.

Ақмарал алтын жүлде үшін өткен белдесуде бразилиялық тағы бір дзюдошы қыз Лаура Феррейрамен кездесті. Қарсыласын уақытынан бұрын ұтып, жарыс жеңімпазы болды. Ғалия Тынбаева қола медаль үшін өткен белдесуінде Ұлыбританиядан келген Сиан Вобровскадан басым болды.

Ерлер арасында Ермек Амангелді (66 кило) мен Болат Біләл (60 кило) күміс жүлдеге ие болды. Бірі финалда жапон спортшысына, бірі бразилиялық дзюдошыға жол берді.

Жарыста жалпы есепте ресейлік жас дзюдошылар көш бастады. Олар 3 алтын, 5 қола медаль еншіледі. Жапония мен Франция алғашқы үштікке енді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама