Қазақ қызы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

О Сансызбай Корреспондент

Әйелдер арасындағы 69 келіге дейінгі салмақта екі бірдей отандасымыз бақ сынады. 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында топ жарған Майя Манезаны жүлделі орыннан көруге асыққандар көп болды. Бірақ, cпортшы сол додадан кейін тұрмысқа шығып, босанғаннан кейін ірі додаға алғаш рет қатысып отыр. Тағы бір айта кететіні, Майя бұл әлем чемпионатында жаңа салмақта өнер көрсетті.

Жұлқа көтеруде Майя Манеза 105 келіні еркін еңсерді. Жазира Жаппарқұл 118 келіні үшінші мүмкіндігінде сәтті пайдаланып, бұл жаттығуда кіші қолаға қол жеткізді. Серпе көтеруде алғашқы үміткеріміздің нәтижесі 126 келімен шектелді. Соңғы екі мүмкіндігінде 132 және 133 келіні бағындыра алмаған Майя 8-ші орынды қанағат тұтты. Ал алтынға қол созған Жазира Жаппарқұл екінші жаттығуда 144 келіні басынан асырып, күміспен күптелді.

Қос жаттығу қорытындысы бойынша, 265 келімен Корей Халық Демократиялық Республикасынан келген Ре Ын Хи алтын медальды жеңіп алды. Жазираның нәтижесі 262 келіні құраса, отандасымыздан бір келі аз көтерген қытайлық Ю Ян Чен қола жүлдені еншіледі. Сонымен қатар, Жазира Жаппарқұл серпе көтеруде кіші күмісті иеленді.

Сурет: almaty2014iwf.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама