Қазақ күресінен Сербияның Зрияьнин қаласында өтіп жатқан Еуропа біріншлігінің ерлер арасында өткен алғашқы күні тартысты айқастарға толы болып, топжарған балуандардың жаңа есімдері анықталды. Кәрі құрлықтың 17 елінен келіп жеткен балуандар намысты қолдан бермей жеңіс үшін жан аямады. Әсіресе жергілікті Сербия командасының балуандарының төл күресімізді ерекше меңгеріп алғандығы таңғалдырды. Сонымен қатар Ресей мен Словакия мемлекеттері балуандарының да өнеріне қол соғуға тұрарлықтай болды. Қазақ күресінің осындай қарқын ала бастағаны туралы Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Серік Адамұлы Түкеев мырза: Осындай Еуропа елдерінің қазақ күресіне деген қызығушылығының арта түсуі, ол төл күресімізді статусын жоғарылата отырып, шет мемлекеттерде ұлттық күресімізден федерацияларды құры ашып қана қоя салмай олардың табанды жұмыс жасауын қадағалап, қолдау жасап отыруымыз керек деген президентіміз Ислам Әлмақанұлы Әбішевтің жүйелі жұмысының жемісі деп, пікірін айтқан болатын. Расыменде осыдан 20-30 жыл бұрын қазақ күресінің Еуопа ареналарында атой саларын біліп, болжау тек сөз жүзінде болса, енді алаштың арманы жайлап орындалып келе жатқандығына қуанбасқа болмас. Бес салмақ және абсалюттік ауыр салмақ дәрежелері бойынша жеңіс тұғырына көтерілген жеңімпаз балуандардың есімдерін айтсақ. 70 кг салмақта сербиялық Galic Nikola , 80кг салмақта израилдік Kapinchyk Dima, 90 және 100 кг салмақтарда Ресейдің Қарачай-Черкес аймағының балуаны Tota Ramazan мен Gusarev Andrey , +100 кг және түйе балуандар арасындағы финалдық жекпе-жекте cлавакиялық Anata Martin чемпион атанып қошаметке ие болды. Осылайша қазақ күресінен 4-ші Еуропа аламанының алғашқы күні ерлер үшін осындай белдесулермен аяқталды. Жарыстың кезекті күнінде бозкілем төріне әйелдер алты салмақ дәрежесі бойынша күш сынасатын болады. Бұрымдылар арасындағы бәсекелердің нәтижелерін алдағы уақытта назараларыңызға ұсынатын боламыз. Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ