Қазақ күресінен әлемнің үш дүркін чемпионы коронавирус жұқтырды
Белгілі спортшы Семей көлік колледжінің директоры қызметін атқарады. Оның вирус жұқтырғаны туралы қала әкімдігі хабарлады.
Публикация от Семей қаласы әкімдігі (@akimat.semey)13 Июн 2020 в 11:12 PDT
"Бүгін Семейде COVID-19 диагнозымен аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде Семей колледждерінің екі директоры - Электротехникалық колледж директоры Азат Сәрпеков және Семей көлік колледжінің директоры, қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы және "Әлем Барысы" турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров түсті", - деп хабарлайды Семей әкімдігі.
Әкімдік қала мен елдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлап жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, Нұғымаров коронавирус жұқтырған алғашқы қазақстандық спортшы. Ол қазақша күрестің еліміздегі ең танымал өкілі.