Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек Н. Ә. Назарбаев Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында 2018 жылдың 2-8 қыркүйек аралығында өтетін III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясы төрешілерге семинар ұйымдастырып жарысты өткізетін жауапты топ мүшелерін сайлап алған еді. Жауапты сын алдындағы семинар кеңеске қатысқан Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының бірінші Вице-Президенті Серік Адамұлы Түкеев пен UWW-дің (Біріккен Күрес Қауымдастығының) техникалық директоры Онур Шимшек мырзалар, айыр қалпақты ағайындардың елінде өткелі отырған III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына кіріп отырған қазақ күресінің жалпы қазақ елі үшін алар орны ерекше екендігіне тоқталып, әділ төрелік етуге аса назар аударған болатын. Сондай-ақ, семинарды жүргізген Азия құрлығы Қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Рафаэль Хабировқазақ күресінен техникалық іс-шара қойылымдары, ұлттық күресіміздің әдіс-тәсілдері, қазақ күресінің формасы және қазақ күресі туралы бейнебаян көрсетіп, қазақ күресінің ережелерінің өзекті мәселелері талқылап пікір алысқан еді. Сол семинарда жарыстың бас төрешісі болып UWW-дің (Біріккен Күрес Қауымдастығының) бас координаторы Голландиядан келген ХД төреші Эдмар Абдуллаев тағайындалса, бас хатшысы болып Беларусь мемлекетінен келген Александр Шараев бекітілді. Жарыста төрешілік жасайтын Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Германия, Голландия, Беларусь елдерінің халықаралық дәрежедегі төрешілері. Төрешілер арасында Лондонда өткен XXX жазғы Олимпида ойындарының еркін күрестен әйелдер арасында қола жүлдегері, ХД төреші - Радкевич Юлия да бар. Мұның бәрін тізіп айтып оытырғанымыз, қандай жарыс болмасын білікті мамандар құрамасы жасақталынып алынғанда ғана жарыс деңгейі жоғары өтетіндгігі белгілі. Асқан жаупкершлікпен білек түре кіріскен жұмыс әркезде жемісін береді. Осы күнге дейін, Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясы мен (UWW) Біріккен Күрес Қауымдастығы бірігіп отырып ұйымдастырған әрбір аламан жекпе-жектер ұлттық күресімізді биік белестерге шығарып келеді.Әрине, қазақ күресінің алар асулары әлі алда деп білеміз, дегеніменде бүгінгі таңға дейін ата күресімізден 7 Әлем, 11 Азия, 3 Әлем кубоктары мен Гранпри жарыстарының өткізіліп келуіне бірден біп себепкер жандар, Ислам Әлмақанұлы Әбішев пен Серік Адамболсынұлы Түкеев секілді ұлттық күресіміздің жанашырлары екендігін ұмытпай еске алып отырғанымыз абзал. Ия, ел болған соң әртүрлі пікірлер болады. Қазақ күресі азия ойындарына неге кірмей жүр деген сынай айтқан пікірлерде кездесіп жатады. Ал, сол жоғарыда айтып өткен қазақ күресіне басынан бақайшығына дейін жаны ашитын жанашыр қос азматтың тынымсыз табанды жұмыстарының нәтижесінде ұлттық күресіміз Ашхабадтта жабық кешенде өткен Азия ойындарының бағдарламасына кіріп үш салмақта үш балуанымыз екі алтын бір қола жүлделі болып қайтқанымызды қалай ғана ұмытамыз. Барды бар, жоқты жоқ-деп айтуға әрине міндеттіміз. Қазақ күресі жабық кешенді Азия ойындарының бағдарламасына енгені туралы сүйіншілеп те айтқан болатынбыз. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының көп жылдар бойы қажырлы жұмыстары еш елеусіз қалмасы бір анық. Ал осы III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінің толағай табысты қадамы жылдар бойы жүйелі жүргізіп келе жатқан жұмыстың тағы бір жемісі деп білеміз. Хош, сонымен үш салмақ 70 кг, 90 кг, + 90 кг дәрежесі бойынша Чолпан-Атада өткен қазақ күресінен байрақты сындарға келсек. Үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 82 мемлекеттен спортшылар шақырылса, қазақ күресінен өткен жарыстарға әлемнің 22 мемлекетінен 50 балуан жеңіс үшін бозкілемге шықты. Қыркүйектің 4 күні өткен аламан жекпе-жектердің қортындысы бойынша ақтық сында топ жарып, жеңіс тұғырына көтерілгендердің есімдері де анық болған еді. Сонымен 70 кг салмақта бас жүлде ақтық финалда қырғыз балуаны Мерлан Ералиевтің жауырын жерге аунатқан Әбілқайыр Маулениннің қанжығасына байланып, алтын жүлдеге ие болды. Ал осы салмақта қола жүлделер түрікменстандық Мухаммед Гурбановпен ресейлік Владимир Ждановтарға табыс етілді. Ал 90 кг салмақта жерлесіміз Ерсұлтан Мұзаппаров өзбек балуаны Сарвар Икромовты жеңіп, Қазақстан құрамасының қоржынына қазақ күресінен екінші алтын медальді жеңіп әперді. Бұл салмақта үшінші орын эстон балуаны Александр Мармелюк пен ресейлік Андрей Гусаровтерге бұйырды. Атан жілікті 90+ жоғары аса ауыр салмақтағы өткен ақтық бәсекелерде ресейлік Дмитрий Баляновты алып ұрған моңғол балуаны Серік Бердімұратов алтын жүлдені жеңіп алып кетті. Қола медальдар қазақстандық балуан Нұрдәулет Жарлығапов пен ресейлік Роман Бобиковтың мойындарына тағылды. Осылайша Қырғыз елінде өтіп жатқан III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінің балуандары 2 алтын 1 қола медальді жеңіп алып, Қазақстан құрамысының медаль жиынтығындағы жағдайын жақсартуға үлкен үлесін қосты. Сонымен қазақ күресінің балуандары жеңіп әперген алтын, қолалардың нәтижесінде Қырғызстан мен Ресейден кейін, Қазақстан құрамасы үздік үштікте келеді. Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ